08.09.2025 18:48
Алонсо — Ла Лиганың тамыз айындағы үздік бапкері
08.09.2025 18:48
Хаби Алонсо Ла Лиганың тамыз айындағы үздік бапкері атанды
Испаниялық маман үміткерлер тізіміне енген Эрнесто Вальверде («Атлетик») мен Маноло Гонсалесті («Эспаньол») артқа тастап, жүлдеге қол жеткізді.
Алонсоның жетекшілігімен «Реал» Испания біріншілігінің алғашқы үш турында «Осасуна» (1:0), «Реал Овьедо» (3:0) және «Мальорканы» (2:1) жеңді. Осылайша, үш турдан кейін мүмкін болған тоғыз ұпайдың бәрін еншілеген мадридтік клуб турнир кестесінде көш бастады.
Еске салсақ, Хаби Алонсо «Реал» тізгінін биыл маусым айында ұстаған еді. Осы аралықта «бланкос» жеті рет жеңіске жетіп, бір кездесуде тең түсіп, бір матчта қарсыласына есе жіберді.