12.05.2026 13:46

Хаби Алонсо «Челси» бас бапкері атануы мүмкін

12.05.2026 13:46

Хаби Алонсо «Челсиді» тізгіндеуі мүмкін

Фабрицио Романоның хабарлауынша, Лондонның клубы Алонсоның агентімен алғашқы келіссөзді жүргізген екен. Хабидің өзі Ағылшын Премьер-лигасында қызмет етуге дайын.

Сондай-ақ үміткерлер қатарында маусым соңында «Борнмуттан» кететін Андони Ираола бар. Ол да АПЛ-дегі жұмысын жалғауға ниетті.

Алонсо соңғы рет 2025 жылдың жазынан бері «Реалды» жаттықтырып, одан қаңтар айында кеткен еді. Ал «Челсидің» қазіргі тәлімгері Лиам Росеньордың клубтағы болашағы бұлыңғыр. 36 турдан кейін 49 ұпай жинаған «көктер» ішкі біріншілікте тоғызыншы орында келеді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram