12.05.2026 10:19
Гирасси клуб ауыстыруы мүмкін
12.05.2026 10:19
«Боруссия» шабуылшысы Серу Гирасси клуб ауыстыруы мүмкін

Sky Sport хабарлауынша, оған «Реал», «Барселона», «Манчестер Сити», «Ливерпуль», «Челси», «Манчестер Юнайтед», «Арсенал», «Милан», «Тоттенхэм» және «Фенербахче» көз тігіп отыр. Бірақ бұлардың ешқайсысы «Боруссиямен» байланысқа шықпапты.
Ал Серудың өзіне команданың ойын стилі ұнамайды екен, сондықтан Дортмунд ұжымынан кеткісі келеді. 30 жастағы гвинеялық форвардты сатып алу құны 50 миллион еуроны құрайды.
Гирасси «аралардың» намысын 2024 жылдан бері қорғап келеді. Ол осы маусымда 45 матчта 21 гол соғып, алты нәтижелі пас берді.