12.05.2026 08:37
«Реал Овьедо» Ла Лигадан ұшып кетті
12.05.2026 08:37
Испания Ла Лигасының 35-туры аясында «Жирона» «Райо Вальеканомен» (1:1) тең тарқасты

Осылайша «Реал Овьедо» чемпионаттың аяқталуына үш тур қалғанда мезгілінен бұрын Сегундаға түсіп қалды. Енді «көктер» қалған матчтардың бәрінде жеңіске жетсе де, қызыл аймақтан шыға алмайды.
Гильермо Альмада шәкірттері жоғарғы дивизионға биыл ғана оралған еді. Олар бұған дейін соңғы рет Ла Лигада 2000/2001 жылғы маусымда ойнаған.