12.05.2026 07:13

Дембеле Бірінші лиганың үздік ойыншысы атанды

12.05.2026 07:13

ПСЖ дүлдүлі Осман Дембеле Франция кәсіби футболшылары қауымдастығының (UNFP) нұсқасы бойынша Бірінші лиганың осы маусымдағы үздік ойыншысы атанды

28 жастағы француз форварды биылғы чемпионатта 20 матчта 10 гол соғып, алты нәтижелі пас берді.

Осылайша ол дауыс беру нәтижесінде командаластары Витинья мен Нуну Мендешті және Мейсон Гринвуд («Марсель») пен Флорьян Товенді («Ланс») артқа тастады. Дембеле бұл жүлдені өткен маусымда да жеңген еді.

Ал үздік бапкер «Ланс» тәлімгері Пьер Саж болса, «үздік жас ойыншы» марапаты ПСЖ вингері Дезире Дуеге бұйырды. Сондай-ақ «Бавария» шабуылшысы Майкл Олисе шетелде ойнайтын үздік француз деп танылды.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram