11.05.2026 16:37

«Реал» ойыншылары Вальверденің кетуін қалайды

11.05.2026 16:37

«Реал» жартылай қорғаушысы әрі капитаны Федерико Вальверде клубтан кетуі мүмкін

Рамон Альварес де Монның хабарлауынша, Мадрид клубының беделді ойыншылары Федериконың жазда клубтан кетуін талап етіп отыр және мұны басшылыққа жеткізген.

27 жастағы уругвайлық жартылай қорғаушы осыған дейін жаттығу кезінде командаласы Орельен Тчуаменимен төбелесіп, бас сүйегін сындырып алған еді. Осыған байланысты екі аптадай командасына алмайды және Тчуамени екеуіне 500 мың еуро көлемінде айыппұл салынды.

Вальверде «бланкос» намысын 2016 жылдан бері қорғап келеді. Ол осы маусымда 48 матчта тоғыз гол соғып, 13 нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram