12.05.2026 11:14

Жоао Педро «Барселонаға» ауысуға дайын

12.05.2026 11:14

«Челси» шабуылшысы Жоао Педро мансабын Испания Ла Лигасында жалғауы мүмкін

Sport.es хабарлауынша, оны «Барселона» өз қатарынан көргісі келеді. Каталонияның клубы құны 150 миллион еуроны құрайтын Хулиан Альваресті ала алмайтынын түсінеді, сондықтан назарын Педроға бұрды. Футболшының өзі «блауграна» қатарына қосылуға дайын екен. Ал «Челси» Жоаоны 60-70 миллион еуроға бағалап отыр.

24 жастағы бразилиялық форвард осы маусымда 48 матчта 20 гол соғып, тоғыз нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram