12.05.2026 13:31

Левандовски «Портуға» ауысуы мүмкін

12.05.2026 13:31

«Барселона» шабуылшысы Роберт Левандовски мансабын Португалияда жалғауы мүмкін

Diario Sport хабарлауынша, 37 жастағы поляк форвардына «Порту» қызығушылық танытып отыр және бір жылға жарамды келісімшарт ұсынуға дайын.

Одан бөлек оған көз тіккендердің қатарында «Ливерпуль», «Ювентус», «Милан», «Фламенго» және «Чикаго Файр» бар.

Левандовски осы маусымда 43 матчта 18 гол соғып, төрт нәтижелі пас берді. Оның «блаугранамен» келісімшарты 30 маусымда аяқталады.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram