10.10.2025 22:50
Вороговский Исламханмен теңесті
10.10.2025 22:50
2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу турнирі аясында Қазақстан Лихтенштейнді 4:0 есебімен жеңді
Аталған матчта «Астана» қорғаушысы Ян Вороговский өзінің ұлттық құрамадағы 56-ойынын өткізді.
Осылайша бұл көрсеткіш бойынша Бауыржан Исламханмен теңесіп, тоғызыншы орынға жайғасты.
Алғашқы бестіктің қатарында Самат Смақов (76 матч), Руслан Балтиев (73), Сергей Малый (72), Исламбек Қуат (67) және Асхат Тағыберген (65) бар.
Вороговский ел намысын 2017 жылдан бері қорғап келеді. Осы аралықта бес гол соғып, алты нәтижелі пас берді.