10.10.2025 20:54
Қазақстан сенімді жеңіске жетті
10.10.2025 20:54
2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңі аясында Қазақстан Лихтенштейнді ойсырата жеңді
«Астана Аренада» өткен кездесуде отандастарымыз 4:0 есебімен жеңіске жетті.
Бұл матчта Ғалымжан Кенжебек дубль авторы атанды. Сондай-ақ Бақтиер Зайнутдинов пен Әлібек Қасым да бір мәрте мергендігімен көзге түсті.
Осылайша алты ойыннан кейін алты ұпай жинаған Талғат Байсуфинов шәкірттері турнир кестесінде төртінші орынға жайғасты. Біздің топта Лихтенштейннен бөлек Уэльс, Бельгия және Солтүстік Македония құрамалары бар.
Ел құрамасы келесі кездесуін үш күннен кейін Солтүстік Македонияға қарсы сырт алаңда өткізеді.