09.10.2025 18:01

Талғат Байсуфинов: Қашкенді ойланбастан таңдадық

09.10.2025 18:01

Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері міндетін атқарушы Талғат Байсуфинов Дінмұхамед Қашкеннің команда тізіміне енуіне қатысты пікір білдірді

— «Жаттығу жиынын бастаған сәтте Сергей Малый мен Ұлар Жақсыбаевтың жарақат алғанын анықтадық. Сол себепті бізге оңқай қорғаушы қажет болды. Қашкеннің кандидатурасы ұсынылғанда, еш ойланбастан қабылдадық. Дінмұхамед біздің талаптарға толық сай келеді», – деді Байсуфинов баспасөз мәслихатында.

«Жетісу» клубының қорғаушысы Дінмұхамед Қашкен Қазақстан құрамасына алғаш рет шақырту алған еді.

2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу турнирі аясындағы Қазақстан – Лихтенштейн матчы ертең, 10 қазан «Астана Аренада» өтеді. 19:00-де басталатын матчты Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram