07.10.2025 11:32
Дінмұхамед Қашкен Ұлттық құрамаға шақырту алды
07.10.2025 11:32
Қазақстан құрамасының қазан айындағы ойыдарына шақырту алған ойыншылар белгілі болды

Қақпашылар: Мұхаммеджан Сейсен («Астана»), Стас Покатилов («Сабах»), Бекхан Шайзада («Ордабасы»), Қажымұқан Төлепберген («Оқжетпес»);
Қорғаушылар: Әлібек Қасым («Ақтөбе»), Ян Вороговский («Астана»), Сергей Малый («Ордабасы»), Сұлтанбек Астанов («Ордабасы»), Нұралы Әліп («Зенит»), Әділбек Жұмаханов («Елімай»), Наурызбек Жагоров («Тобыл»), Бағдат Қайыров («Ақтөбе»), Сағи Совет («Жеңіс»), Арсен Әшірбек («Оқжетпес»), Дінмұхамед Қашкен («Жетісу»);
Жартылай қорғаушылар: Рамазан Оразов («Елімай»), Алмас Төлібай («Елімай»), Муроджон Халматов («Ордабасы»), Дамир Қасаболат («Қайрат»), Георгий Жуков («Ақтөбе»), Бақтиер Зайнутдинов («Динамо» Мәскеу), Исламбек Қуат («Жеңіс»), Дінмұхамед Қараман («Жеңіс»), Дәурен Жұмат («Оқжетпес»), Ислам Чесноков («Тобыл»);
Шабуылшылар: Максим Самородов («Ахмат»), Дастан Сатпаев («Қайрат»), Иван Свиридов («Елімай»), Артур Шушеначев («Ақтөбе»), Ғалымжан Кенжебек («Елімай»).
Ел құрамасы осы айда 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңі аясында екі ойын өткізеді. Алдымен 10 қазанда өз алаңында Лихтенштейнді қабылдаса, араға үш күн салып Солтүстік Македонияға қонаққа барады.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасы 2026 жылғы Әлем чемпионатына іріктеу кезеңінде J тобында Солтүстік Македония, Уэльс, Лихтенштейн және Бельгия құрамаларымен сынға түсіп жатыр. Бес ойында үш ұпай жинаған отандастарымыз турнир кестесінде төртінші орында келеді.