26.09.2025 20:56

Қазақстан құрамасының жалпы тізімі жарияланды

26.09.2025 20:56

Қазақстан құрамасының қазан айындағы ойындарына шақырту алған футболшылар белгілі болды

Қақпашылар: Мұхаммеджан Сейсен («Астана»), Стас Покатилов («Сабах»), Бекхан Шайзада («Ордабасы»), Қажымұқан Төлепберген («Оқжетпес»);

Қорғаушылар: Әлібек Қасым («Ақтөбе»), Ян Вороговский («Астана»), Сергей Малый («Ордабасы»), Сұлтанбек Астанов («Ордабасы»), Сағадат Тұрсынбай («Ордабасы»), Нұралы Әліп («Зенит»), Әділбек Жұмаханов («Елімай»), Александр Зуев («Тобыл»), Наурызбек Жагоров («Тобыл»), Бағдат Қайыров («Ақтөбе»), Еркін Тапалов («Қайрат»), Александр Мрынский («Қайрат»);

Жартылай қорғаушылар: Рамазан Оразов («Елімай»), Алмас Төлібай («Елімай»), Ғалымжан Кенжебек («Елімай»), Муроджон Халматов («Ордабасы»), Эльхан Астанов («Ордабасы»), Дамир Қасабулат («Қайрат»), Георгий Жуков («Ақтөбе»), Бактиер Зайнутдинов («Динамо» Мәскеу), Исламбек Қуат («Жеңіс»), Дінмұхамед Қараман («Жеңіс»), Серікжан Мужиков («Оқжетпес»), Дәурен Жұмат («Оқжетпес»), Айбол Әбікен («Қайсар»), Ислам Чесноков («Тобыл»);

Шабуылшылар: Оралхан Өміртаев («Ақтөбе»), Максим Самородов («Ахмат»), Дастан Сатпаев («Қайрат»), Айбар Жақсылықов («Қайсар»), Алияр Мұхаммед («Оқжетпес»), Иван Свиридов («Елімай»), Рамазан Кәрімов («Астана»), Артур Шушеначев («Ақтөбе»).

Ел құрамасы келесі айда 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңі аясында екі ойын өткізеді. Алдымен 10 қазанда өз алаңында Лихтенштейнді қабылдаса, араға үш күн салып Солтүстік Македонияға қонаққа барады.

Ал оқу-жаттығу жиыны 1 қазан күні Астанада басталады.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы 2026 жылғы Әлем чемпионатына іріктеу кезеңінде J тобында Солтүстік Македония, Уэльс, Лихтенштейн және Бельгия құрамаларымен сынға түсіп жатыр. Бес ойында үш ұпай жинаған отандастарымыз турнир кестесінде төртінші орында келеді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram