23.09.2025 21:57

Қазақстан құрамасы Еуропа чемпионатынан тыс қалды

23.09.2025 21:57

Футзалдан Еуро-2026 іріктеуінің финалында Қазақстан құрамасы Италияға жол берді

Қос матчтың қорытындысы бойынша есеп тең (4:4) аяқталып, пенальти сериясында италиялықтардың (2:0) мерейі үстем болды.

Осылайша ел құрамасы 2016 жылдан бері алғаш рет қарт құрлықтың басты додасынан шет қалды.

Айта кетейік, Еуропа чемпионаты 21 қаңтар – 7 ақпан аралығында Латвия, Литва және Словенияда өтеді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram