09.10.2025 17:04
Сергей Малый қатардан шықты
09.10.2025 17:04
Қазақстан ұлттық құрамасы бас бапкерінің міндетін атқарушы Талғат Байсуфиновтің айтуынша, Сергей Малый жарақат алып қалыпты.
Осыған байланысты 10 қазан күні өтетін Лихтенштейнге қарсы матчқа қатыса алмайды.
Ал 13 қазанға жоспарланған Солтүстік Македонияға қарсы ойынға дейін қатарға қосылады екен.
Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Дастан Сәтпаев та жарақатына байланысты қатардан шыққан еді.