09.10.2025 18:52
Талғат Байсуфинов: Лихтенштейн – мықты қарсылас
09.10.2025 18:52
Қазақстан құрамасының бас бапкері міндетін атқарушы Талғат Байсуфинов Лихтенштейннің әлеуетін бағалады

— «Лихтенштейннің бірнеше ойынын қарап, жан-жақты зерттедік. Бұл – қорғанысы мығым, ұйымдасқан команда. Кезінде біз де осындай деңгейден өттік. Мысалы, Солтүстік Македонияға (0:5) қарсы кездесуде бос кеңістік берілген сәттерде олар доппен жақсы жұмыс істей білді. Ертеңгі ойында бар күшімізді салып, жеңіске жетуге тырысамыз», — деді Байсуфинов баспасөз мәслихатында.
2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу турнирі аясындағы Қазақстан – Лихтенштейн матчы ертең, 10 қазан «Астана Аренада» өтеді. 19:00-де басталатын матчты Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.