30.09.2025 15:32

Талғат Байсуфинов Қазақстан құрамасының уақытша бас бапкері атанды

30.09.2025 15:32

Қазақстан құрамасының бас бапкері міндетін уақытша Талғат Байсуфинов атқарады.

57 жастағы маман құраманы Лихтенштейн (10 қазан) мен Солтүстік Македонияға (13 қазан) қарсы ойындарға бастап шығады.

Сондай-ақ ҚФФ үш шетелдік бапкермен келіссөз жүргізіп жатыр екен.

Байсуфинов осыған дейін 2016-2017 және 2020-2022 жылдары ұлттық құраманы екі рет тізгіндеген еді. Ал қазіргі Қазақстан жастар құрамасы (U21) бапкерлерінің менторы.

Жақып Марғұлан

Жақып Марғұлан

InstagramInstagram