10.10.2025 15:24

Темірлан Анарбеков қатарға қосылды

10.10.2025 15:24

«Қайраттың» 21 жастағы қақпашысы Темірлан Анарбеков бүгін, 10 қазан, командамен бірге жаттығу өткізді.

Темірлан «Ақтөбеге» қарсы матчта (1:0) жақ сүйегін сындырып алып, ота жасатқан еді.

Соған байланысты соңғы төрт ойынға қатыспады. Енді 17 қазан күні алматылықтар «Қызылжарға» қонаққа барады.

Ал Чемпиондар лигасындағы келесі матчын «сары-қаралар» 21 қазан күні «Пафосқа» қарсы өткізеді.

Жақып Марғұлан

Жақып Марғұлан

InstagramInstagram