14.09.2025 22:18
Темірлан Анарбековке ота жасалады
14.09.2025 22:18
Комментатор Бегасыл Сейітханның хабарлауынша, Темірлае Анарбеков «Ақтөбеге» қарсы ойында (1:0) төменгі жақ сүйегін сындырып алыпты.
Сондай-ақ ақыл тісі де сынып, мойыны жыртылып кетіпті. Енді ертең ота жасалады.
Осыған байланысты қатарға шамамен 40 күннен кейін ғана қосылады.
Демек «Спортинг» (18 қыркүйек) пен «Реалға» (30 қыркүйек) қарсы ойынға қатыса алмайды деген сөз.