10.05.2026 10:47

Влаховичке «Бавария» қызығушылық танытуда

10.05.2026 10:47

«Ювентус» шабуылшысы Душан Влахович мансабын Германия Бундеслигасында жалғауы мүмкін

Николо Скираның хабарлауынша, оған әлі де «Бавария» қызығушылық танытуда. Мюнхеннің клубы мамыр айының соңғы аптасында келіссөз бастауды жоспарлап отыр.

Ал «Ювентус» басты жұлдызын жібергісі келмейді. Туриннің клубы Душанға жылына алты миллион еуро жалақысымен 2028 жылдың 30 маусымына дейін жарамды болатын келісімшарт ұсыныпты. Енді футболшының жауабын күтіп отыр.

«Бьянконери» 26 жастағы сербиялық форвардты 2022 жылы «Фиорентинадан» 85,4 миллион еуроға сатып алған еді. Ол осы маусымда 21 матчта сегіз гол соғып, екі нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram