27.11.2025 07:00

Витинья хет-трик авторы атанды

27.11.2025 07:00

Витинья «Тоттенхэмге» қарсы матчта хет-трик жасады

ПСЖ-ның жартылай қорғаушысы Витинья Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіндегі «Тоттенхэмге» қарсы матчта хет-трик жасады.

Футболшы 45, 53 және 76-минуттарда гол соқты. Соңғы голын пенальти арқылы қарсылас қақпасына тоғыта білді.

25 жастағы Португалия құрамасының ойыншысы осы маусымда команда үшін 18 матч өткізді. Оның еншісінде 6 гол мен 8 нәтижелі пас бар.

Әділет Жұмагелді

Әділет Жұмагелді

InstagramInstagram