27.11.2025 06:16
«Ливерпульдің» жағдайы онша емес
27.11.2025 06:16
«Ливерпуль» соңғы үш матч қатарынан жеңілді

«Ливерпуль» өз алаңында Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіндегі матчта ПСВ-дан 1:4 есебімен жеңілді. Команда сапынан жұбаныш голын Собаслаи соқты.
Команда үшінші рет қатарынан жеңіліске ұшырады. Бұған дейін «қызылдар» АПЛ-де «Ноттингем Форестке» және «Манчестер Ситиге» бірдей 0:3 есебімен есе жіберген.
Жалпы алғанда, соңғы 12 матчтың 9-ында команда барлық турнирлерде жеңілген. Қазір «Ливерпульдің» 9 ұпайы бар. Чемпиондар лигасының турнирлік кестесінде 13-орында тұр.