27.11.2025 06:00

«Бавария» алғаш рет жеңілді

27.11.2025 06:00

«Бавария» биылғы маусымда алғаш рет жеңілді

«Бавария» Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіндегі матчта «Арсеналға» 1:3 есебімен жол берді. Ойынның алғашқы бөлігінде тең нәтиже тіркелгенімен, екінші таймда «Бавария» жоспарын жүзеге асыра алмады.

Неміс командасы үшін бұл осы маусымдағы алғашқы жеңіліс. Бұған дейін команда клубтық әлем чемпионатының ширек финалында «ПСЖ»-дан 0:2 есебімен ұтылған еді.

Оған дейін «Баварияның» биылғы маусымда тек бір ғана тең нәтижесі бар. Бундеслиганың 10-туры аясында «Унионға» қарсы ойында (2:2). Қалған матчтардың бәрінде команда жеңіске жеткен.

Әділет Жұмагелді

Әділет Жұмагелді

InstagramInstagram