27.11.2025 00:50
Давид Луиз гол соққан егде ойыншы атанды
27.11.2025 00:50
Давид Луиз - Пепеден кейін Чемпиондар лигасында гол соққан ең жасы үлкен ойыншы атанды

Орталық қорғаушы Давид Луиз «Пафос» сапында Чемпиондар лигасының 5-турындағы өз алаңындағы матчта «Монако» қақпасына гол соқты.
Қазір Давидтің жасы - 38 жас 218 күн. Осылайша ол Чемпиондар лигасында гол соққан ең жасы үлкен ойыншылар тізімінде екінші орынға шықты. Бірінші орында - Пепе. Ол 2023 жылдың желтоқсанында «Порту» сапында 40 жас 290 күнінде «Шахтердің» қақпасына гол соққан.
Биылғы маусымда Луиз клуб деңгейінде 13 матчта 3 гол соқты.