27.11.2025 00:37

«Қайрат» «Копенгагенге» есе жіберді

27.11.2025 00:37

УЕФА Чемпиондар лигасының 5-турында «Қайрат» сырт алаңда «Копенгагенге» жол берді

«Паркен» стадионында өткен кездесуде 3:2 есебі тіркелді. Бізден Дастан Сәтпаев пен Олжас Байбек гол соқты.

Осылайша еншісінде бір ұпайы бар Алматының командасы турнир кестесінде 35-орында қала береді.

Рафаэль Уразбахтин шәкірттері келесі турда 9 желтоқсан күні «Олимпиакосты» қабылдайды.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram