26.11.2025 19:39
«Қайрат» «Копенгагенмен» тең түсті
26.11.2025 19:39
УЕФА Жастар Чемпиондар лигасының 5-турында «Қайрат» U19 командасы сырт алаңда «Копенгагенмен» тең түсті

Данияда өткен кездесу 2:2 есебімен тең аяқталды. Бізден Рамазан Бағдат пен Мансұр Бірқұрманов гол соқты. Ал қарсылас 90+3-минутта таразы басын теңестіріп кетті.
Осылайша Алматының ұжымы қоржынға алғашқы ұпайды салды. «Сары-қаралар» бастапқы төрт турдың бәрінде қарсыласына жол берген еді.
Жора Арутюнян шәкірттері жалпы кезеңнің соңғы ойынында 9 желтоқсан күні «Олимпиакосты» қабылдайды.