26.11.2025 19:03

Пеп «Байерге» қарсы ойын туралы пікір білдірді

26.11.2025 19:03

Пеп Гвардиола: «Манчестер Ситидің» мүмкіндіктері «Байерге» қарағанда көп болды»

«Манчестер Ситидің» бас бапкері Пеп Гвардиола Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінің 5-турында «Байерден» (0:2) жеңілгені туралы сөз қозғады.

«Біз күткен ойынды көрсете алмадық. Мүмкін бұл жағдайда толық жауапкершілікті өз мойныма алуым керек. Дегенмен, мен бастапқы құрамда шыққан ойыншыларды керемет деп санаймын. Бірақ бізге ең жоғары деңгейде ойнау үшін қажетті дүниелер жетіспеді. Олар жақсы ойнады. „Байердің“ мүмкіндіктерінен гөрі біздікі көбірек болды. Бірақ бұл шабуылдарды толық мүмкіндіктер дей алмаймын», – деді Гвардиола.

«Қалалықтар» келесі турда 10 желтоқсан күні «Реалға» қонаққа барады.

Әділет Жұмагелді

Әділет Жұмагелді

InstagramInstagram