26.11.2025 18:12

Компани ойын алдында пікір білдірді

26.11.2025 18:12

Венсан Компани: «Арсеналға» қарсы ойын - қазіргі сәттегі ең күрделі міндетіміз болмақ»

«Баварияның» бас бапкері Венсан Компани Чемпиондар лигасындағы «Арсеналға» қарсы матч алдында ой-пікірлерімен бөлісті.

«Біз алғашқы төрт ойында жеңіске жеттік. Бұл маңызды болды. Қазірге дейін жоспарлағанымызды орындап келеміз және бұл әрі қарай да жалғасады деп үміттенеміз. Бірақ осы командаға қарсы ойын қазіргі уақытта біз үшін ең күрделі міндет болмақ. Бұл бізді қуантады. Біз жеңіске жету үшін келдік», – деді Компани.

Бүгін «Арсенал» өз алаңында «Баварияны» қабылдайды. Матчты 01:00-де Qazaqstan ұлттық арнасынан тамашалай аласыздар.

Әділет Жұмагелді

Әділет Жұмагелді

InstagramInstagram