26.11.2025 15:18
Кукурелья «Челсиде» қалды
26.11.2025 15:18
Марк Кукурелья «Челсиде» қалды

Фабрицио Романоның хабарлауынша, қос тарап тамыз айында жаңа келісімшартқа қол қойыпты.
Бірақ мұны Лондонның клубы әлі де ресми түрде хабарлаған жоқ.
Айта кетейік, Кукурелья «ақсүйектердің» намысын 2022 жылдан бері қорғап келеді. Осы аралықта 131 ойында сегіз гол соғып, 11 нәтижелі пас берді.