26.11.2025 15:04
«Милан» Франция шабуылшысын алуы мүмкін
26.11.2025 15:04
«Кристал Пэлас» пен Франция құрамасының шабуылшысы Жан-Филипп Матета мансабын Италияда жалғастыруы мүмкін

TEAMtalk хабарлауынша, 28 жастағы форвардты «Милан» өз қатарынан көргісі келеді.
«Кристал Пэласпен» келісімшарт жөнінде келісе алмай жүрген Матетаның өзі де «россонериге» ауысуға дайын екен.
Айта кетейік, Матета осы маусымда 20 ойында сегіз гол соғып, бір нәтижелі пас берді.