26.11.2025 12:45

Олисе АПЛ-ге ауысуы мүмкін

26.11.2025 12:45

«Бавария» вингері Майкл Олисе ат басын Англияға бұруы мүмкін

Флориан Плеттенбергтің хабарлауынша, 23 жастағы французға «Ливерпуль» қызығушылық танытып отыр.

Алайда Мюнхеннің клубы ойыншысын сатқысы келмейді. Майкл да мансабын «Баварияда» жалғастыра беруді қалайды екен.

Олисе осы маусымда 18 ойында тоғыз гол соғып, сегіз нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram