26.11.2025 11:15

Рафинья «Алтын доп» нәтижесіне наразы

26.11.2025 11:15

«Барселона» дүлдүлі Рафинья 2025 жылғы «Алтын доп» нәтижесіне қатысты пікір білдірді

– «Мені бағаламады. 5-орыннан да жоғары тұруға лайық едім. Иә, біз Чемпиондар лигасын жеңе алмадық, бірақ жеке өзім ғаламат маусым өткіздім ғой. Неге мен бұл жүлдені жеңбедім? Журналисттер түсіндірсінші осыны,– деді баспасөз мәслихатында.

Бразилия футболшысы 2025 жылғы «Алтын доп» рейтингінде тек 5-орынмен шектелген еді.

Айта кетейік, Рафинья өткен маусымда 57 ойында 34 гол соғып, 25 нәтижелі пас берді. Бұған қоса Ла Лига, Испания Кубогы және Суперкубогын жеңіп алып, Чемпиондар лигасының үздік сұрмергені атанды.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram