26.11.2025 10:30

Неймар жыл соңына дейін қатардан шықты

26.11.2025 10:30

«Сантос» дүлдүлі Неймар жарақат алып қалды

33 жастағы ойыншы тізесін зақымдап алып, ол ісіп кеткен.

Globo хабарлауынша, осыған байланысты Бразилия ойыншысы 2025 жылдың соңына дейін ойнай алмайды. Тіпті ем-шара одан да ұзақ уақытқа созылуы мүмкін екен.

Бұл Неймардың мансабындағы 45-жарақаты болды. Осыған дейін 1530 күні емделуге кетіп, 265 матчтан тыс қалған.

Ал биыл 25 ойында жеті гол соғып, үш нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram