26.11.2025 09:14

«Барселонаның» ғаламат сериясы үзілді

26.11.2025 09:14

Чемпиондар лигасының 5-турында «Барселона» сырт алаңда «Челсиге» 0:3 есебімен жеңіліп қалды

Осылайша Каталонияның клубы 2025 жылы алғаш рет қарсылас қақпасына гол соға алмады.

Бұған дейінгі сәтсіз матч 2024 жылдың 15 желтоқсанында «Леганеске» (0:1) қарсы өткен еді. Содан бері «блауграна» қатарынан 53 матч бойы гол соғып, рекорд орнатты.

Айта кетейік, еншісінде жеті ұпайы бар «Барселона» Чемпиондар лигасының турнир кестесінде 15-орында келеді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram