26.11.2025 06:46
«Барселона» бұл жолы гол соға алмады
26.11.2025 06:46
«Барселона» 54 матчтан кейін алғаш рет гол соға алмады

«Челси» Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінің 5-турында «Барселонаны» өз алаңында ойсырата жеңді. Алаң иелері еш қиындықсыз үш гол соқты. Гол авторлары: Эстевао және Делап. Ал алғашқы голды Кунде абайсызда өз қақпасына соқты.
«Барселона» командасы өткен жылдың 15 желтоқсанынан бері алғаш рет гол соға алмады. Ол кезде олар «Леганеспен» ойнап, 0:1 есебімен ұтылған еді.
Олардың тоқтаусыз гол соғу сериясы 53 ойынға жалғасты. Дегенмен «Челсидің» қорғанысын бұзу бұл жігіттерге мүмкін болмады.