26.11.2025 06:15
Обамеянг дубль жасады
26.11.2025 06:15
36 жастағы Обамеянгтің нәтижесі көз қуантады

«Марсель» шабуылшысы әзірге тоқтар емес. Пьер-Эмерик Обамеянг Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінің 5-туры аясындағы «Ньюкаслға» қарсы өткен матчта дубль жасады.
36 жастағы футболшы 46-шы және 50-ші минуттарда гол соқты. Ойыншы есепті теңестіріп қана қоймай, өз командасын алға шығарды.
Ағымдағы Чемпиондар лигасы маусымында шабуылшының 5 матчта 3 голы мен 3 нәтижелі пасы бар.