26.11.2025 02:53
«Манчестер Сити» жеңіліп қалды
26.11.2025 02:53
Чемпиондар лигасының 5-туры аясында «Манчестер Сити» өз алаңында «Байерге» жол берді

«Этихад« стадионында өткен кездесуде 0:2 есебі тіркелді. Леверкузеннің клубында Алехандро Гримальдо мен Патрик Шик қақпа саңылауын тапты.
Осылайша еншісінде 10 ұпайы бар Манчестердің клубы турнир кестесінде алтыншы орында қалды.
«Қалалықтар» келесі турда 10 желтоқсан күні «Реалға» қонаққа барады.