26.11.2025 02:06

Кейн қазіргі жағдайы туралы айтты

26.11.2025 02:06

Харри Кейн: «Баварияға» ауысу - өмірімдегі ең жақсы шешімдердің бірі болды»

«Бавария» шабуылшысы Харри Кейн өз болашағы жайлы айтты. Қазіргі клубы туралы сөз қозғады.

«Баварияға» ауысу - өмірімдегі ең жақсы шешімдердің бірі болды. Бұл - менің мансабымдағы үлкен қадам. Бұл жағдай маған үздік ойыншы болуға көмектесті. Мен бұл жерде ұзақ уақыт қалуға толықтай дайынмын. Менің келісімшартымның аяқталуына 18 айдан сәл аса уақыт қалды. Жақында келіссөздер басталатынына сенімдімін», - деді Кейн.

2023 жылдың жазында «Бавария» шабуылшы үшін «Тоттенхэмге» 100 млн еуро төледі. Қазіргі маусымда ол 18 матчта 24 гол соғып, 3 нәтижелі пас берген.

Әділет Жұмагелді

Әділет Жұмагелді

InstagramInstagram