25.11.2025 22:45

«Копенгаген» бапкері: Сәтпаев – топ-футболшы

25.11.2025 22:45

«Копенгаген» бас бапкері Якоб Нееструп «Қайрат» футболшыларын жоғары бағалады

– «Сәтпаев - топ-топ-топ деңгейдегі футболшы. Бұл жас жігітке қарсы қалай ойнайтынымызды асыға күтіп отырмыз.

Эдмилсон да – тамаша шабуылшы. Жоржиньо да – қауіпті форвард. «Қайраттың» іріктеу кезеңінде «Селтикті» сенімді түрде жарыстан шығаруы қатты әсер қалдырды. Бұрын да айтқанмын, негізгі кезеңге жету үшін команданың жүріп өтетін ұзақ та ауыр жолын қатты құрметтеймін. «Қайрат» - өте жақсы команда. Бірақ біз топтық кезеңдегі алғашқы жеңісімізді алуға бар күшімізді саламыз»,– деді баспасөз мәслихатында.

Айта кетейік, «Қайрат» ертең Чемпиондар лигасының 5-турында «Копенгагенмен» кездеседі. «Паркен» стадионында өтетін кездесу 26 қараша күні сағат 22:45-ке жоспарланған.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram