25.11.2025 18:31

Роналду үйлену тойын қашан жасайды?

25.11.2025 18:31

Криштиану Роналду биыл қалыңдығы Джорджина Родригеспен үйлену тойын жасайды

Jornal de Madeira мәліметінше, неке қию рәсімі жазда Әлем чемпионатынан кейін Роналдудың туған жері Мадейра аралындағы Фуншал қаласында болады екен. Ал үлкен той ең қымбат деген қонақүйлердің бірінде өтеді деп күтілуде.

Осыған дейін 11 тамыз күні 40 жастағы «Әл-Наср» шабуылшысы сүйіктісіне сөз салғанын хабарлаған еді. Қос ғашық 2016 жылдан бері бірге. Қазір араларында Криштің үш баласынан бөлек, екі қыз бар.

Айта кетейік, Роналду осы маусымда 12 ойында 11 гол соғып, екі нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram