25.11.2025 17:21

«Бетис» қызыл қағазбен келіспейді

25.11.2025 17:21

«Бетис» Антонидің «Жиронаға» қарсы матчта алған қызыл қағазына шағым түсірмек

«Бетис» клубының шабуылшысы Антони Ла Лиганың 13-турындағы «Жиронаға» қарсы өткен (1:1) өз алаңындағы матчта алаңнан қуылған еді. Бұл жағдай ойынның 89-шы минутында болды. Антони аяғымен Хоселю Рокенің басынан абайсызда теуіп қалған. Төреші бұл жағдайды VAR арқылы қарап, ойыншыға қызыл қағаз көрсетті.

«Бетис» Антониге көрсетілген қызыл қағазды жою туралы шағым түсірді. Өйткені клуб 30 қараша күні «Севильяға» қарсы дербиде оның ойнағанын қалайды.

Ағымдағы маусымда 25 жастағы ойыншы 12 матчта 6 гол соғып, 2 нәтижелі пас берген. «Бетис» қазіргі таңда 21 ұпаймен 5-орында келеді.

Әділет Жұмагелді

Әділет Жұмагелді

InstagramInstagram