25.11.2025 16:55

Хейсен жаттығуға қатыспады

25.11.2025 16:55

Хейсен «Олимпиакоспен» болатын матч алдында «Реалдың» жаттығуын жіберіп алды

«Реал» қорғаушысы Дин Хейсен Чемпиондар лигасының 5-турындағы «Олимпиакосқа» қарсы матч қарсаңында командамен бірге жаттығу өткізбеген.

The Athletic журналисі Гильермо Раяның мәліметінше, футболшы медициналық тексеруден өтеді. Бұл тексерулер оның жарақатының себебін анықтайды.

«Олимпиакос» – «Реал» арасындағы бәсеке 26 қараша күні өтеді.

Әділет Жұмагелді

Әділет Жұмагелді

InstagramInstagram