25.11.2025 14:38

«Реалдың» үш ойыншысы Хаби Алонсоға наразы

25.11.2025 14:38

«Реал» футболшылары бас бапкер Хаби Алонсоға наразы

Cadena Ser хабарлауынша, Винисиус Жуниор, Джуд Беллингем және Федерико Вальверде испан маманымен сөзге келіп қалыпты.

Ал Дин Хёйсен, Альваро Каррерас, Тибо Куртуа, Арда Гүлер һәм Килиан Мбаппе тәлімгерге дән риза екен.

Осыған дейін Винисиус Жуниордың Алонсомен келіспеушілікке байланысты келісімшартты ұзартпай отырғандығы туралы қауесет тараған еді.

Айта кетейік, Алонсо Мадрид клубын маусым айында тізгіндеді. Осы аралықта команда 17 рет жеңіске жетіп, үш мәрте тең түссе, үш ойында қарсыласына жол берді. 13 турдан кейін 32 ұпай жинаған «бланкос» Ла Лигада көш бастап тұр.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram