25.11.2025 11:08
Алонсо «Ливерпульді» тізгіндеуі мүмкін
25.11.2025 11:08
Арне Слоттың «Ливерпульдегі» болашағы бұлыңғыр

Indykaila News мәліметінше, Мерсисайдтың клубы Слотқа қаңтар айына дейін мүмкіндік берді. Егер Нидерланд маманы оған дейін жағдайды қалпына келтіре алмаса қызметінен кетеді екен.
Слот кеткен жағдайда оның орнын басуға «Реалдың» қазіргі тәлімгері Хаби Алонсо басты үміткер болып тұр. Ал Алонсо «Ливерпульге» ауысса, онда «бланкос» тізгінін Зинедин Зидан қолға алуы бек мүмкін.
Айта кетейік, 12 турдан кейін 18 ұпай жинаған «Ливерпуль» Ағылшын Премьер-лигасында 12-орында келеді.