25.11.2025 09:35

Палмер «Барселонаға» қарсы ойнай ма?

25.11.2025 09:35

«Челси» бас бапкері Энцо Мареска жарақат алған шәкірті Коул Палмерге қатысты пікір білдірді

– «Палмердің қашан оралатынын нақты айта алмаймын. Ол алаңда ақырындап доппен жаттығып жүр. Өзін тәуір сезінетін көрінеді.

Қазір бар назарымыз «Барселонамен» ойында. Одан кейін «Арсеналмен» матчқа дайындаламыз. Палмердің бұл екі ойынға қатысуы неғайбыл. Бірақ, Коул жақын арада қатарымызға қосылады деген үміттемін», – деді италиялық маман.

Осыған дейін 23 жастағы жартылай қорғаушы башпайын сындырып алып, саптан шыққан еді.

Айта кетейік, «Челси» бүгін 25 қарашада Чемпиондар лигасы аясында «Барселонаны» қабылдайды. 01:00-де басталатын кездесуді Qazsport телеарнасынан тамашалай аласыздар.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram