25.11.2025 12:40

Левандовски Түркияның клубына ауысуы мүмкін

25.11.2025 12:40

«Барселона» шабуылшысы Роберт Левандовски мансабын Түркияда жалғастыруы мүмкін

Fotomac хабарлауынша, поляк ойыншысына «Фенербахче» қызығушылық танытуда.

Қос тарап арасында келіссөз басталып кетіпті. Алайда 37 жастағы форвардқа Ыстамбұл клубының жасаған алғашқы ұсынысы ұнамаған. Роберттің өзі 2,5 жылға жарамды болатын келісімшартты қалап отыр.

Левандовски Ла Лиганың осы маусымында 10 ойынға қатысып, сегіз гол соқты.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram