25.11.2025 12:18
«Эвертон» тарихи нәтиже тіркеді
25.11.2025 12:18
Ағылшын Премьер-лигасының 12-турында «Манчестер Юнайтед» өз алаңында «Эвертонға» жол берді

«Олд-Траффорд» стадионында өткен кездесуде 0:1 есебі тіркелді. Матчтағы жалғыз голды 29-минутта Кирнан Дьюсбери-Холл соқты. Сондай-ақ 13-минутта қонақтардың жартылай қорғаушысы Идрисса Гуйе алаңнан қуылып кетті.
Осылайша «Эвертон» АПЛ аясында «Манчестер Юнайтедті» сырт алаңда 10 футболшымен жеңген алғашқы клуб атанды.
12 турдан кейін 18 ұпай жинаған Мерсисайдтың клубы турнир кестесінде 11-орында келеді.