25.11.2025 16:46

Нико Пас «Реалға» оралады

25.11.2025 16:46

«Реал» Нико Пасты 2026 жылдың жазында қайтаруды жоспарлап отыр

«Реал» 2026 жылдың алғашқы трансферін ойластырып қойды. Олар «Комодан» Нико Пасты қайтарып алмақ.

Фабрицио Романоның мәліметінше, кері сатып алу тармағы қысқы трансфер кезеңіне қолданылмайды. Сондықтан «Комо» футболшыны маусым соңына дейін ұстап қалуды жоспарлап отыр.

Нико «Реалға» қайта оралуға келісімін берді. Қазіргі маусымда Пас 13 матчта 5 гол және 4 нәтижелі пас берген.

Әділет Жұмагелді

Әділет Жұмагелді

InstagramInstagram