25.11.2025 17:03

Рубен Аморим «Эвертон» туралы сөз қозғады

25.11.2025 17:03

Рубен Аморим: «Эвертон» толық құрамда да, он адам қалған кезде де бізден жақсы болды»

«Манчестер Юнайтед» бас бапкері Рубен Аморим АПЛ-дың 12-турында өз алаңында «Эвертоннан» 0:1 есебімен ұтылғаннан кейін матч туралы пікір білдірді.

«Олар толық құрамда ойнағанда да, он футболшымен қалғанда да бізден жақсы болды. Біз жеткілікті қарқынмен ойнамадық деп ойлаймын. Олар жеңіске лайық болды».

Қазір еншісінде 18 ұпайы бар «қызыл сойқандар» турнир кестесінде 10-орында келеді. Рубен Аморимнің шәкірттері келесі турда 30 қараша күні «Кристал Пэласпен» кім мықтыны анықтайды.

Әділет Жұмагелді

Әділет Жұмагелді

InstagramInstagram