25.11.2025 22:10

Роналдудың жазасы жеңілдетілді

25.11.2025 22:10

FIFA Португалия құрамасының капитаны Криштиану Роналдудың дисквалификациясына қатысты шешім қабылдады

40 жастағы шабуылшы Ирландияға (0:2) қарсы матчта қызыл қағаз алған еді. Осыған байланысты тек бір ойыннан шеттетілді. Ал ол бұл жазасын Армениямен (9:1) матчта өтеп қойды.

Осылайша Криштиану Роналду 2026 жылғы Әлем чемпионатын бірінші турдан бастай алады.

Айта кетейік, алты ойыннан кейін 13 ұпай жинаған Португалия F тобынан бірінші орынмен мундиальға жолдама алды.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram